21.09.2025 12:20

Педри «Алтын доп» табыстау кешіне бармайды

21.09.2025 12:20

«Барселона» ойыншысы Педри «Алтын доп» табыстау рәсіміне бармайды

Sport мәліметінше, клуб пен футболшы ақылдаса келе осындай шешімге келіпті. Испаниялық жартылай қорғаушы матчтардың көптігі мен сапарлардан шаршап, тынығуды жөн көрген екен.

Педри осыған дейін жүлдеге басты үміткер 30 футболшының қатарына енген еді. Сондай-ақ, бұл тізімге «Барселона» сапынан Ламин Ямаль, Роберт Левандовски және Рафинья кірді.

Өткен маусымда 22 жастағы футболшы 59 ойын өткізіп, алты гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

«Алтын доп» табыстау рәсімі ертең, 22 қыркүйекте өтеді. 2025 жылдың үздік ойыншысы Париждегі Шатле театрында анықталады. Былтыр басты жүлдені «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram