17.09.2025 20:16
Килиан Мбаппе «Алтын доп» табыстау рәсіміне бармайды
17.09.2025 20:16
«Реал» ойыншысы Килиан Мбаппе «Алтын доп» табыстау» рәсіміне бармайтынын айтты.
«Бұл жүлдеге қол жеткізу үшін маған командалық трофейлер алу керек. Содан кейін ғана «Алтын допты» көре жатармыз.
Ал бұл жолы Дембеле үздік атанса, қуанар едім. Өйткені ол менің досым және әрқашан қолдауға дайынмын. Бірақ марапаттау рәсімін үйде тамашалаймын», – деді Мбаппе.
Осыған дейін жиынға мадридтіктердің бірде-бір өкілі қатыспайтыны хабарланған еді.
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы «Алтын доп» иегері 22 қыркүйек күні Парижде анықталады.