17.09.2025 12:42
«Реал» пенальти тебуден рекорд қойды
17.09.2025 12:42
Чемпиондар лигасының 1-туры аясында «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді
Мадридтіктердің қос голын Килиан Мбаппе 11 метрлік айып добынан соқты.
Осылайша, «Реал» Чемпиондар лигасының тарихында ең көп пенальти (63) тепкен клуб атанды. «Бланкос» бұл көрсеткіш бойынша «Баварияның» (62) рекордын бұзды.
Айта кетейік, Хаби Алонсо шәкірттері екінші турда «Қайратпен» күш сынасады. Алматыда өтетін кездесу, 30 қыркүйекке жоспарланған.