17.09.2025 02:09

«Реал» камбэк жасады

17.09.2025 02:09

Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Реал» өз алаңында «Марсельді» жеңді

«Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Матчтың есебін Тимоти Веа 22-минутта ашқан болатын. Алайда Мбаппе 29 және 81-минуттарда пенальтиді голға айналдырып, командасына жеңіс сыйлады.

Енді Хаби Алонсо шәкірттері екінші турда «Қайратпен» күш сынасады. Алматыда өтетін кездесу, 30 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram