17.09.2025 01:59

«Боруссия» мен «Ювентус» тең тарқасты

17.09.2025 01:59

Чемпиондар лигасының 1-туры аясында «Боруссия» мен «Ювентус» тең тарқасты

Туринде өткен кездесу 4:4 есебімен аяқталды. «Қарт Синьора» сапында Душан Влахович дубль жасаса, Кенан Йылдыз бен Ллойд Келли бір гол соқты. Ал «аралардың» құрамында Кәрім Адейеми, Феликс Нмеча, Ян Коуто және Рами Бенсебаини мергендік танытты.

Осылайша қос клуб бір ұпайды қанағат тұтты.

Айта кетейік, «Ювентус» келесі турда «Вильярреалға» қонаққа барады. Ал «Боруссия» өз алаңында «Атлетикті» қабылдамақ.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram