04.09.2025 15:46

Йылдыз «Ювентуспен» келісімшартын ұзартпақ

04.09.2025 15:46

Кенан Йылдыз «Ювентуспен» келісімшартын ұзартуы мүмкін

La Gazetta dello Sport мәліметінше, «қарт синьора» түркиялық жартылай қорғаушыға 2030 жылдың ортасына дейін жарамды жаңа құжат ұсынады.

Қос тарап арасындағы қазіргі келісімшарт 2029 жылдың маусым айында күшін жояды.

Кенан «Ювентус» намысын 2023 жылдың қараша айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 86 ойынға қатысып, 16 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

А Сериясының биылғы маусымында екі ойында алты ұпай жинаған туриндіктер турнир кестесінің бірінші орынын «Наполимен» бөлісіп тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram