04.09.2025 12:59
Постекоглу «Байер» тізгінін ұстауы мүмкін
04.09.2025 12:59
Эндж Постекоглу бапкерлік жұмысын Бундеслигада жалғастыруы мүмкін
Sky Sport Deutchland мәліметінше, шотландиялық маманның кандидатурасын «Байер» қарастырып жатыр.
Сондай-ақ, леверкузендіктер Раульға да қызығушылық танытып отыр екен.
Постекоглу осы жазда «Тоттенхэмдегі» лауазымынан айырылған болатын.
Еске салсақ, «Байер» 1 қыркүйек күні Эрик тен Хагты қызметінен босатқан еді. Нидерландылық маманның тұсында клуб Бундеслиганың екі турында бар болғаны бір-ақ ұпай жинады.