02.09.2025 14:53
«Байер» бапкер іздеп әлек
02.09.2025 14:53
«Барселонаның» бұрынғы бапкері Хави «Байер» тізгінін ұстаудан бас тартты
Marca мәліметінше, 45 жастағы испаниялық маман леверкузендіктер жолдаған ұсынысты қабылдамапты.
Осыған дейін, Хави «Байердің» бас бапкері атануға басты үміткер ретінде есептелген.
Еске салсақ, «Байер» 1 қыркүйек күні Эрик тен Хагты қызметінен босатқан еді. Нидерландылық маманның тұсында команда Бундеслиганың екі турында бар болғаны бір-ақ ұпай жинады.