01.09.2025 12:09
Лои Опенда «Ювентус» ойыншысы атанады
01.09.2025 12:09
Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лои Опенда жақында «Ювентус» ойыншысы атанады
Туриндіктер «Лейпцигтен» 25 жастағы шабуылшыны маусым соңына дейін жалға алады.
Ал белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін шамамен 40 млн еуроға сатып алуға міндетті болады.
Опенда бүгін, 1 қыркүйек, Туринге аттанып, медициналық тексерістен өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Юве» Опендаға дейін Эдон Жегровамен де келісімге келіп қойған еді.