01.09.2025 07:17
Александер Исак «Ливерпуль» ойыншысы атанады
01.09.2025 07:17
Фабрицио Романоның хабарлауынша, Александер Исак жақында «Ливерпуль» ойыншысы атанады
Қос тарап толыққанды келісімге келіп, 25 жастағы шабуылшы медициналық тексерістен өтуге аттанды.
Ал трансфер құны 125 млн фунтты құрайды және оның үстіне ешқандай бонус қосылмайды.
Естеріңізге сала кетсек, «Ньюкасл» Исакты 2022 жылы 70 млн еуроға сатып алған еді.