31.08.2025 16:02

Джейми Варди «Кремонезеге» ауысады

31.08.2025 16:02

Джейми Варди «Кремонезе» ойыншысы атанады

38 жастағы тәжірибелі англиялық шабуылшы «жолбарыстар» сапына еркін агент ретінде қосылады.

Қос тарап 2026 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Варди осы жазда «Лестермен» қош айтысқан еді. Ол 2012-2025 жылдар аралығында «түлкілер» намысын қорғап, 500 ойында 200 гол соғып, 71 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Англия чемпионы атанып, Ел Кубогы мен Суперкубогында топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram