31.08.2025 15:40
Марк Гехи «Ливерпуль» ойыншысы атануға жақын
31.08.2025 15:40
Марк Гехи «Кристал Пэластан» «Ливерпульге» ауысуға жақын
Николо Скираның мәліметінше, англиялық қорғаушы мерсисайдтықтармен жеке талаптары бойынша мәмілеге келіпті.
«Ливерпуль» Гехи үшін «қырандарға» 42 миллион еуро төлемек. Сондай-ақ, келесі сатылымның пайыздық үлесін лондондықтарға береді.
Қос тарап 2030 жылға дейін жарамды болатын келісімшартқа қол қояды.
Айта кетейік, Гехи «Кристал Пэлас» намысын 2021 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 159 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Командамен бірге биыл Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.