28.08.2025 20:22
Варди италиялық клубқа ауысуы мүмкін
28.08.2025 20:22
Джейми Варди мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін
Николо Скираның мәліметінше, англиялық шабуылшы «Кремонезе» қатарына еркін агент ретінде қосылады.
Қос тарап маусымның соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қоймақ.
Варди осы жазда «Лестерден» кеткен еді. Ол 2012-2025 жылдар аралығында «түлкілер» намысын қорғап, 500 ойында 200 гол соғып, 71 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Англия чемпионы атанып, Ел Кубогы мен Суперкубогында топ жарды.