28.08.2025 17:11

Хави Симонс АПЛ клубына ауысуға жақын

28.08.2025 17:11

«Лейпциг» ойыншысы Хави Симонс жаңа клубпен келісімшарт жасау үшін Лондонға келді

Бен Джейкобстың мәліметінше, Симонс тез арада англиялық клубтың біріне ауысып кетуді жөн көреді.

Қазіргі таңда «Лейпциг» нидерландтық жартылай қорғаушының трансфері бойынша «Челси» және «Тоттенхэммен» келіссөз жүргізуде.

«Қызыл бұқалар» дүлдүлін 65 миллион еуродан жоғары сомаға сатқысы келеді. Ал футболшының өзі «Челсиге» ауысуды қалайды.

Айта кетейік, Симонс өткен маусымда жалпы 33 ойынға қатысып, 11 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram