28.08.2025 14:35
Нкунку ат басын Италияға бұруы мүмкін
28.08.2025 14:35
«Челси» ойыншысы Кристофер Нкунку мансабын Италия чемпионатында жалғастыруы мүмкін
L'Equipe мәліметінше, «Милан» франциялық шабуылшыны қатарына қосқысы келеді. Қос тарап трансфер бойынша толыққанды келісімге келіпті. Италиялықтар Нкунку үшін шамамен 40-45 млн еуро төлейді.
Кристофердің өзі де «россонеримен» негізгі талаптарын талқылап болған.
Нкунку Ағылшын Премьер-лигасының өткен маусымында 27 кездесу өткізіп, үш гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды.