28.08.2025 15:19

«Милан» «Барселона» қорғаушысына көз тікті

28.08.2025 15:19

«Барселона» ойыншысы Андрнеас Кристенсен Италия чемпионатына ауысуы мүмкін

Fichajes мәліметінше, даниялық қорғаушыға «Милан» қызығушылық танытуда. Клуб басшылығы жазғы трансфер кезеңінің жабылуына дейін Кристенсенді қатарға қосуды көздейді.

Ал «Барселона» келіссөз жүргізуге дайын. Каталониялық клуб футболшысын 30 миллион еуроға бағалап отыр.

Кристенсен «Барселона» намысын 2022 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 81 кездесу өткізіп, төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Командамен бірге Испанияның екі дүркін чемпионы атанып, Ел Кубогы мен Суперкубогында топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram