28.08.2025 13:49
Фермин Лопес «Барселонада» қалатын болды
28.08.2025 13:49
«Барселона» ойыншысы Фермин Лопес клуб ауыстырмайтын болды
Sport.es мәліметінше, 22-жастағы жартылай қорғаушы кез-келген ұсынысқа қарамастан, каталониялық клубта қалу туралы шешім қабылдапты.
Ол «Барселонада» мансабын жалғастырып, негізгі құрамнан ойып тұрып, орын алғысы келеді екен.
Бұған дейін испаниялық ойыншы үшін «Челси» 50 миллион еуро төлеуге дайын болған еді.
Фермин Ла Лиганың өткен маусымында 28 ойынға қатысып, 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.