28.08.2025 20:17
Нкунку «Милан» ойыншысы атанады
28.08.2025 20:17
Кристофер Нкунку «Челсиден» «Миланға» ауысады
Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
«Россонери» франциялық шабуылшы үшін лондондық клубқа бонустарды қоса есептегенде 35 миллион еуро төлейді.
Нкунку «Челсиге» 2023 жылдың жазында «Лейпцигтен» 60 миллион еуроға ауысып келген еді. Осы аралықта жалпы 62 ойынға қатысып, 18 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.