31.08.2025 17:13

Виктор Линделёф «Астон Вилла» ойыншысы атанады

31.08.2025 17:13

Виктор Линделёф мансабын «Астон Виллада» жалғастырады

Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап екі маусымға жарамды келісімшартқа қол қояды.

Швециялық қорғаушы бирмингемдіктер сапына еркін агент ретінде қосылады.

Линделёф осы жазда келісімшартының аяқталуына байланысты «Манчестер Юнайтедпен» қош айтысқан еді. Манкуниандықтар сапында жалпы 284 матч өткізіп, төрт гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, АПЛ-дың екі турында бір ғана ұпай еншілеген «Астон Вилла» турнир кестесінде 17-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram