31.08.2025 16:57
Дэвид Мойес: Грилиш мен ойлағаннан да мықты болып шықты
31.08.2025 16:57
«Эвертон» бас бапкері Дэвид Мойес Джек Грилиштің ойынына қатысты пікір білдірді
— Джек өзін мен ойлағаннан да жақсы көрсетіп жүр. Енді осы қалпынан таймаса екен. Қазір оның командадағы рөлі айрықша,— деді Мойес.
Грилиш командаға осы жазда «Манчестер Ситиден» жалға ауысып келген еді. Осы аралықта АПЛ-де үш ойын өткізіп, төрт нәтижелі пас беріп үлгерді.
Үш ойында алты ұпай еншілеген Дэвид Мойес шәкірттері турнир кестесінің бесінші сатысына тұрақтаған.