31.08.2025 14:36

Пакета «Астон Виллаға» ауысуға жақын

31.08.2025 14:36

«Вест Хэм» ойыншысы Лукас Пакета мансабын «Астон Виллада» жалғастыруы мүмкін

Фабрицио Романоның мәліметінше, бирмингемдіктер бразилиялық жартылай қорғаушыны бір маусымға жалға алмақ.

Сондай-ақ, бонустарды қоса есептегенде 55 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Осыған дейін, 28-жастағы футболшыға «Тоттенхэм» мен «Ньюкасл» сынды ұжымдар қызығушылық танытқан еді.

Пакета Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында екі ойын өткізіп, бір гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram