13.09.2025 23:01

Жеті гол соғылған матчта «Ювентус» жеңісті жұлып әкетті

13.09.2025 23:01

А Сериясының 3-туры аясында «Ювентус» өз алаңында «Интерді» тізе бүктірді

Италия дербиінде 4:3 есебі тіркелді. Миландық клубтың сапында Хакан Чалханоглу дубль жасаса, Маркус Тюрам бір гол соқты. Алаң иелері құрамында Ллойд Келли, Кенан Йылдыз және Кефрен Тюрам мергендік танытты. Ал матчтағы жеңіс добын 90+1-минутта Василий Адзич қақпа торына тоғытты.

Осылайша, 9-ұпайына қол жеткізген туриндіктер турнир кестесінің көш басында қала береді. Ал еншісінде үш ұпайы бар «нерадзурри» 11-орынға жайғасты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram