17.09.2025 11:08

Трент «Қайратқа» қарсы ойнамауы мүмкін

17.09.2025 11:08

«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд жарақат алды

Чемпиондар лигасындағы «Марсельге» (2:1) қарсы ойында англиялық футболшы сол жақ тізесінің сіңірін зақымдап алыпты.

Марио Кортегананың мәліметінше, Трент шамамен 2-4 ай уақытқа қатардан шықты. Осыған байланысты 30 қыркүйек күні Алматыда өтетін «Қайратқа» қарсы ойынға қатыспайды екен.

Айта кетейік, Трент «Реалға» өткен жазда «Ливерпульден» ауысып келген еді. Осы аралықта «бланкос» намысын жалпы 10 матчта қорғап, екі нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram