17.09.2025 09:46

Мбаппе «Реалдағы» 50-голын соқты

17.09.2025 09:46

Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен жеңді

Аталған матчта Килиан Мбаппе пенальтиден дубль жасап, өзінің мадридтік клубтағы 49 және 50-голдарын соқты.

Франциялық шабуылшыға 50 гол соғу үшін 64 матч қажет болды. Ал рекорд бұл көрсеткішті 54 матчта тіркеп тастаған Кришитиану Роналдуға тиесілі.

Айта кетейік, Мбаппе «Реалға» 2024 жылдың шілде айында ПСЖ-дан еркін агент ретінде ауысып келген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram