11.09.2025 10:54
Мбаппе мен Винисиусты балағаттаған жанкүйер құрықталды
11.09.2025 10:54
«Реал» жұлдыздары Винисиус Жуниор мен Килиан Мбаппені балағаттан жанкүйер тұтқындалды
«Реал Овьедо» фанаты мадридтік «Реалмен» болған ойында триубанадан Мбаппе мен Винисиустың нәсілдеріне тіл тигізіп, түрлі балағат сөздер айтқан екен.
Матч аяқталған соң видеобақылау арқылы жанкүйер анықталып, темірторға тоғытылды. Енді оған үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Немесе 60 мыңнан 650 мың еуроға дейін айыппұл төлеп, стадионнан футбол тамашалау құқығынан өмір бақи айырылуға болады.
Еске салсақ, Ла Лиганың 2-туры аясында өткен кездесуде «Реал» сырт алаңда «Реал Овьедоны» 3:0 есебімен тізе бүктірген еді. Аталған матчта Мбаппе дубль жасаса, Винисиус бір гол соқты.