25.08.2025 12:12

Хаби Алонсо Винисиустың негізгі құрамда болмауына қатысты пікір білдірді

25.08.2025 12:12

«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо Ла Лиганың 2-турындағы «Реал Овьедоға» қарсы матчта Винисиустың негізгі құрамда шықпауына қатысты пікір білдірді

«Футболда команданың мүддесіне қарай шешім қабылдау керек. «Овьедоға» қарсы ойында дәл солай болды.

Қарсыластың ойынына қарай әр матч сайын өзгерістер болып тұрады.

Ойыншылар өздерін маңызды сезінгенін және негізгі құраммен де, қосалқы құрамнан да шығуға дайын болғандарын қалаймыз», – деді 43 жастағы маман.

Винисиус «Овьедоға» қарсы матчқа (3:0) 63 минутта шығып, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram