25.08.2025 11:11

Сака мен Эдегор «Ливерпульмен» ойынға қатыса ала ма?

25.08.2025 11:11

«Арсенал» ойыншылары Букайо Сака мен Мартин Эдегор «Лидске» (5:0) қарсы ойында жарақат алды

The Athletic басылымының мәліметінше, жарақаттары соншалықты ауыр емес екен. Сондықтан тез қатарға қосылады.

Алайда, футболшылардың «Ливерпульге» қарсы ойынға қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз болып тұр.

Өткен матчта Эдегор иығынан жарақат алса, Сака жамбасын зақымдап алған еді.

Ағылшын Премьер-лигасының 3-туры аясындағы «Арсенал» мен «Ливерпуль» арасындағы кездесу 31 тамызға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram