17.09.2025 17:57
«Қайрат» Лиссабонға 12 сағатта жетіпті
17.09.2025 17:57
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Чемпионатқа» берген сұхбатында Лиссабонға шамамен 12 сағатта жеткендерін айтты.
«Лиссабонға кеше күндіз жеттік. Ұшаққа отырған кезімізде секундомер қосып қойғанмын, шыққанда 11 сағат 45 минутты көрсетті. Шамамен 12 сағат ұшыппыз. Сондай-ақ арасында жанармай құйды.
Бұл Еуропаға алғашқы сапарымыз емес. Бастысы –жігіттердің алыс жолдан кейін қалыпқа келуі. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын», – деді Уразбахтин.
Чемпиондар лигасының 1-туры аясындағы «Спортинг» – «Қайрат» матчы 18 қыркүйек күні өтеді.