11.05.2026 12:39
Дибала «Ромадан» кетеді
11.05.2026 12:39
«Рома» шабуылшысы Пауло Дибала клубтағы болашағына қатысты пікір білдірді

«Веронаға» қарсы матч (24 мамыр) «Ромадағы» соңғы ойыным болады. Келісімшартта осылай жазылған. Ал оны ұзарту жөнінде менімен ешкім сөйлеспеді»,– деді Пауло.
Осыған дейін ESPN 32 жастағы аргентиналық ойыншының «Бока Хуниорспен» ауызша келісімге келгенін хабарлаған еді.
Дибала «Ромаға» 2022 жылы «Ювентустен» еркін агент ретінде ауысып келген. Ол осы маусымда 25 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді