11.05.2026 12:04

Лаймер «Баварияда» қалады

11.05.2026 12:04

«Бавария» қорғаушысы Конрад Лаймер клубпен келісімшартын ұзартуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, жаңа келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін жарамды болады және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Ал оған сәйкес бір жылдағы жалақысы алты миллион еуроны құрайды екен.

28 жастағы аустриялық ойыншы Мюнхеннің клубына 2023 жылы «Лейпцигтен» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 45 матчта үш гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram