11.05.2026 11:39

Энрике Бірінші лигадағы 100-матчын өткізді

11.05.2026 11:39

Франция Бірінші лигасының 33-турында ПСЖ өз алаңында «Брестті» 1:0 есебімен жеңіп, жалғыз голды 82-минутта Дезире Дуе соқты

Бұл Париж клубының бас бапкері Луис Энрике үшін Франция чемпионатындағы 100-матч болды. 56 жастағы испаниялық маман команданы 2023 жылдың жазында тізгіндеген еді. Осы 100 матчта ПСЖ 71 рет жеңіске жетіп, тоғыз мәрте тең түссе, 20 ойында қарсыласына жол берді.

32 турдан кейін 73 ұпай жинаған ПСЖ турнир кестесінде көш бастап тұр және екінші орындағы «Ланстан» алты ұпайға озып кеткен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram