11.05.2026 03:26

Real Madrid TV: «Тебастың лигасы, Негрейраның лигасы. Таза цирк болды»

11.05.2026 03:26

Испания Ла Лигасының 35-турында «Барселона» өз алаңында «Реалды» 2:0 есебімен жеңіп, мезгілінен бұрын Испания чемпионы атанды

Матчтың екінші таймы барысында Эрик Гарсия өз айып алаңында Джуд Беллингемді шынтағымен соғып кетті. Бірақ пенальти белгіленген жоқ, VAR-да қаралмады. Бұған Мадрид клубының телеарнасы наразылық білдірді.

«Тебастың лигасы, Негрейраның лигасы. Таза цирк қой мынау. Сұмдық. Ұят. Ең сорақысы – қайталаудың жоқтығы. Біздің ойыншы ереже бұзғанда жақсы-ақ түсіреді. Ал бізге керек кезде ең маңызды кадрды үзіп тастай береді. Бұл компанияны Тебас жалдаған және олар Тебасқа жұмыс істейді. Біз Гарсияның шынтағымен ұрғанын анық көрдік және бұл біздің ойымызша пенальти оның үстіне қызыл қағаз болу керек»,– делінді эфир барысында.

«Бланкос» 77 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram