11.05.2026 02:50
Ямаль Роналдудан озып кетті
11.05.2026 02:50
«Барселона» Ла Лиганың 35-турында «Реалды» 2:0 есебімен жеңіп, мезгілінен бұрын Испания чемпионатында топ жарды

Осылайша Ламин Ямаль жеңген Ла Лига титулы бойынша Криштиану Роналдудан асып түсті. 18 жастағы испаниялық вингер төрт маусымда үш дүркін чемпион атанды. Ал Криштиану өз кезінде «Реалда» тоғыз маусым өткізіп, тек екі рет топ жарған.
Ямаль осы маусымда 45 матчта 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Роналду болса қазір Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнап жүр.