11.05.2026 02:34
Месси «Барселонаны» құттықтады
11.05.2026 02:34
«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси «Барселонаны» Испания чемпионы атанғанымен құттықтады

«Чемпиондар!!! Visca el Barça!!!»,– деді 38 жастағы аргентиналық шабуылшы әлжеліде.
Месси Каталония клубының намысын 2000-2021 жылдар аралығында қорғаған еді. Осы аралықта ол Испанияның он дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында төрт мәрте топ жарды және жеті рет «Алтын доп» иеленді.