11.05.2026 01:56

«Барселона» Испанияның 29 дүркін чемпионы атанды

11.05.2026 01:56

Испания Ла Лигасының 35-турында «Барселона» өз алаңында «Реалды» 2:0 есебімен тізе бүктірді

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде 9-минутта Маркус Рэшфорд айып добынан гол соқса, 18-минутта Ферран Торрес есепті еселеді.

Осылайша Каталонияның клубы біріншіліктің аяқталуына үш тур қалғанда мезгілінен бұрын Испанияның 29 дүркін чемпионы атанды. Ал «бланкос» 77 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды.

Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі турда «Алавеске» қонаққа барса, Альваро Арбелоаның командасы «Реал Овьедоны» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram