11.05.2026 11:06

Неймар екінші матч қатарынан гол соқты

11.05.2026 11:06

Бразилия А Сериясының 15-турында «Сантос» өз алаңында «Брагантиноны» 2:0 есебімен тізе бүктірді

Бұл матчта Неймар 45+5-минутта есеп ашты. Осылайша ол қатарынан екінші ойын гол соқты. Бұған дейін 6 мамыр күні Оңтүстік Америка кубогының аясында «Реколета» (1:1) қақпасының торын тулатқан.

34 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы «Сантосқа» 2025 жылдың қаңтар айында оралған еді. Ол осы маусымда 13 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram