11.05.2026 11:54
Гави Әлем чемпионатының фаворитін атады
11.05.2026 11:54
«Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Гави биылғы Әлем чемпионатында қай құраманы фаворит санайтынын айтты

«Аргентина – Әлем біріншілігінің басты фавориті, себебі олар қазіргі чемпиондар. Лео Месси әлі күнге дейін әлемнің үздік ойыншысы. Месси барда Аргентина үздік команда болып қала береді»,– деді Гави.
Аргентина 2022 жылы Қатарда өткен соңғы мундиальда топ жарған еді. Лионель Скалони шәкірттері биылғы турнирде Алжир, Аустрия және Иорданиямен бірге J тобында ойнайды.