02.10.2025 10:08

Чемпиондар лигасы: 2-турдың «үздік ойыншысы» атағына үміткерлер

02.10.2025 10:08

Чемпиондар лигасы 2-турының «үздік ойыншысы» атағына үміткерлер жарияланды

Тізімге Килиан Мбаппе («Реал»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Йенс Хауге («Будё-Глимт») және Расмус Хейлунд («Наполи») енді.

Мбаапе «Қайратқа» (5:0) қарсы кездесуде хет-трик жасады. Холанд «Монакомен» (2:2) ойында дубль авторы атанса, Хейлунд «Спортинг» (2:1) қақпасына екі гол енгізді. Ал Хауге «Тоттенхэммен» болған матчта (2:2) екі рет мергендік танытты.

Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде белгілі болады.

Айта кетейік, 1-турда жүлдені «Барселона» шабуылшысы Маркус Рэшфорд жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram