02.10.2025 01:49
«Арсенал» үш ұпай еншіледі
02.10.2025 01:49
Чемпиондар лигасының 2-турында «Арсенал» өз алаңында «Олимпиакосты» жеңді
Лондонда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Габриэль Мартинелли мен Букайо Сака гол соқты.
Осылайша «зеңбірекшілер» екінші ойында 6-ұпайын қанжығасына байлады. Бұған дейін алғашқы матчта Бильбаоның «Атлетик» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Микель Артета шәкірттері келесі турда «Атлетиконы» қабылдайды.