01.10.2025 23:48
«Ньюкасл» ірі есеппен жеңіске жетті
01.10.2025 23:48
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турында «Ньюкасл» сырт алаңда «Юнионды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді
Англия клубының сапында Энтони Гордон пенальтиден дубль жасады. Одан бөлек Ник Вольтемаде мен Харви Барнс бір мәрте мергендігімен көзге түсті.
Осылайша «сауысқандар» турнирдің биылғы маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін бірінші ойында «Барселонаға» 1:2 есебімен жол берген еді.
Эдди Хау шәкірттері келесі турда «Бенфиканы» қабылдайды.