01.10.2025 21:40
Вальверде АПЛ клубына ауысуы мүмкін
01.10.2025 21:40
Федерико Вальверде «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
Fichajes мәліметінше, манкуниандықтар уругвайлық жартылай қорғаушы үшін «Реалға» 80 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасамақ.
Сондай-ақ бұл соманың қасына Кобби Майнуды қосып беруге дайын екен.
Вальверде биылғы маусымда жалпы 12 матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.