29.09.2025 20:53
Федерико Вальверде: бізді күтіп алған жанкүйерлер үшін жеңіске жетуіміз керек
29.09.2025 20:53
«Реал» футбол клубының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Федерико Вальверде қазақ жанкүйерлері жайлы сөз қозғады
— «Реал Мадрид» үшін мұндай нәрселер қалыпты жағдай шығар. Бірақ өзім бұған дейін Алматыда ойнамағандықтан, жанкүйерлердің күтіп алуынан ғаламат әсер алдым.
Әсіресе, түннің бір уағында, әуежайдан шыққан кезде, бізді күтіп тұрған көп жанкүйерді көру ұнады. Мұндай алыс елде бізге жанкүйер жан осыншама көп деп ойламадық. Мұны бағалауымыз керек. Бұл – футболдың ең ерекше сәті.
Алыс жерге келіп, клубтың жанкүйерлерін көру, олардың бізді зор ықыласпен қарсы алғанын байқау, қолдауын сезіну – бір ғанибет. Біз үшін Алматыға келіп ойнау үлкен қуаныш. Ертең жақсы матч өткізіп, бізді күтіп алған жанкүйерлер үшін жеңіске жетуге тырысамыз,– деді баспасөз мәслихатында.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясында Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» кездесуі ертең, 30 қыркүйек сағат 21:45-те басталады.