29.09.2025 18:55
Хаби Алонсо: қарсыластың кім екені маңызды емес
29.09.2025 18:55
«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо «Қайратқа» қатысты пікір білдірді.
«Қандай клубқа қарсы ойнайтынымыз маңызды емес. Бұл – Чемпиондар лигасы, сондықтан жеңіске жеткіміз келеді.
«Қайраттың» қазір физикалық әлеуеті мықты және бізге матчты бірден сәтті бастау маңызды. Олардың «Селтик» пен «Спортингке» қарсы матчын көрдік. Нақты не істеу керектігін білетін команда екен және жақсы ойнайды. Барымызды саламыз. 100% дайын болуымыз керек», – деді «Реал» бас бапкері.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясындағы «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйек күні 21:45-те басталады.