29.09.2025 15:44
Рафаэль Уразбахтин: «Реалдың» осал тұстарын таптық
29.09.2025 15:44
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында қарсыласқы қатысты пікір білдірді.
«Команда үшін, ойыншылар үшін, бапкерлер үшін тарихи ойын. «Реал» секілді клубтың Алматыға келгеніне қуаныштымыз.
Мадридіктердің барлық емес, соңғы бес матчын және «ПСЖ-ға» қарсы өткен Әлем чемпионатындағы ойынын көрдік. Ал «Атлетиктоға» қарсы кездесудегідей сәтсіздіктер болып тұрады.
«Реал» секілді азулы клубтың осал тұстары көп емес екені анық. Бірақ біз бақылай келе кішкене минустарын таптық. Ал оны пайдалана алу – біздің мәселе.
Шынымен, мен Хаби Алонсоның жанкүйерімін. «Байердің» ойындарын көп көрдім. «Реалдағы» шабуылшылары мықты. Сондықтан идеясын әлі толық паш ете алмады деп ойлаймын», – деді «Қайрат» бас бапкері.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясындағы «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйек күні 21:45-те басталады.