29.09.2025 15:28
Гиорги Зария «Реалға» қарсы ойнай ма?
29.09.2025 15:28
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Гиорги Зарияның жағдайы жайлы пікір білдірді
— «Гиорги топтық жаттығуға қосылды. Біз үшін Зарияның қатарда болуы өте маңызды. Оның киім ауыстыру бөлмесіндегі орны ерекше. Бізге Зарияның энергиясы мен мінезі керек. Әрине, оның жағдайы әзірге мәз емес. Ертең көре жатармыз,– деді Уразбахтин.
Зария тамыз айында жарақат алып, содан бері жеті матчқа қатыспаған еді.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясында Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын ертең, 30 қыркүйек сағат 21:45-те басталады.