29.09.2025 17:57
Федерико Вальверде: қазақ жанкүйерлері қуантты
29.09.2025 17:57
«Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде қазақ жанкүйерлері жайлы оң пікір білдірді
— «Қазақ жанкүйерлерінің бізді құшақ жая қарсы алғаны қуантты. Кеш уақытқа қарамастан, әуежайдан шыққан сәтте соншалықты көп «Реал» жанкүйерін кездестіру ерекше әсер қалдырды.
Шет елдегі қолдаушыларымызды көрсек әрдайым марқайып қаламыз. Бұл – футболдағы ең ғажап көрініс. Алматыға келіп өнер көрсету – біз үшін үлкен құрмет»,– деді Вальверде баспасөз мәслихатында.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясындағы «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйек күні өтеді.