01.10.2025 20:31
Джуд Беллингем үздік атанды
01.10.2025 20:31
Джуд Беллингем Англия құрамасының 2024/25 жылғы маусымдағы ең үздік ойыншысы деп танылды.
Екінші орынға Деклан Райс жайғасса, үздік үштікті Харри Кейн түйіндеді.
2023/24 жылғы маусым қорытындысы бойынша Коул Палмер үздік атанған еді.
Ал бұл жүлдені ең көп алған ойыншы – Уэйн Руни. Ол 2008, 2009, 2014 және 2015 жылы қол жеткізген.