01.10.2025 16:06
Феде Вальверденің неліктен ойнамағаны белгілі болды
01.10.2025 16:06
«Реал» жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде «Қайратқа» қарсы матчта (5:0) қосалқы құрамда қалған еді.
Radio Marca хабарлауынша, Феде оң қапталда қорғаушы болудан бас тартыпты-мыс.
Осыған байланысты Хаби Алонсо оны Алматыдағы матчқа шығармай қойған екен.
Ойнамайтынын білгендіктен, кездесу алдында да, үзіліс кезінде де дұрыс жаттығу жасамаған.