01.10.2025 11:04

Тибо Куртуа 28 жыл болмаған нәтижеге қол жеткізді

01.10.2025 11:04

«Реал» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің 2-турында «Қайратты» 5:0 есебімен жеңген еді.

Тибо Куртуа сол матчтың 52 минутында Килиан Мбаппенің екінші голды соғуына септігін тигізді.

Осылайша ол Чемпиондар лигасында нәтижелі пас берген екінші «Реал» қақпашысы атанды.

Тибоға дейін «бланкос» сапынан 1997 жылы Сантьяго Канисарес «Олимпиакосқа» қарсы ойында ассистпен көзге түскен еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram