01.10.2025 10:11

Экс-төреші: Громыконың сәтінде VAR қателесті

01.10.2025 10:11

Экс-төреші, «Алё, реф» каналының авторы Анатолий Синяев Валерий Громыкоға қарсы эпизодта VAR-дың араласуы қате болғанын айтты.

«Гуида пенальти белгілеген сәтте VAR-дың араласуы түсініксіз болды. Сондай-ақ VAR тек бір ракурсты көрсетті. Ол бойынша тізеге жанасу болмады. Негізі ол аяқтан шалған еді. Громыко допты тартып қалған кезде тепе-теңдікті жоғалтқан. Бірақ басты сәт оны тобық тұстан іліп кеткенде болды. Дәл сол шалу Громыконың ойынды жалғастыруына мүмкіндік бермеді. Әдетте Чемпиондар лигасында VAR мұндай сәттерге араласпайды», – деп жазды.

Естеріңізге сала кетсек, ЧЛ 2-туры аясындағы «Қайрат» – «Реал» матчында мадридтіктер 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram